Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр
Премьер-министр Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының барысында бүгін Семей қаласына ат басын тіреді. |
Бұл туралы премьердің Facebook-тағы блогына жазылды.
«Премьер-министр «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнының 1-Жылу-электр орталығында болып, энергетикалық кешен кәсіпорнының қысқы маусымға дайындығымен, сондай-ақ Семей жылу жүйесін модернизациялау және қайта құрылымдау бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты»,- делінген блогтағы жазбада.
«Бүгін Премьер сондай-ақ Курчатов қаласында болды. «Ұлттық ядролық орталық» кәсіпорнының жұмысымен танысты», - деп атап көрсетіледі үшінші жазбада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін