Кәрім Мәсімовтың тағы да күдікке ілінгені рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімовтың тағы да күдікке ілінгені рас па

Кәрім Мәсімовтың тағы да күдікке ілінгені рас па

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстату және пара алды деген күдікке ілінді.
 

  • 14 Қараша 2023
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz— ке сілтеме жасап хабарлайды. 
 

 Tengrinews.kz-тің жазуынша, ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растаған.

"ҰҚК К.Мәсімовке қатысты ҚР ҚК-ның 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", — делінген хабарламада.

Комитет Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабы 3-бөлігіне сәйкес Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторына қалдырылғанын айтты.