KASE биржасының сәрсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы
Қазақстан қор биржасының (KASE) сәрсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы сейсенбімен салыстырғанда 0,06 теңгеге өсіп, 1$ құны 150 теңге 19 тиынды құрады. |
Сейсенбіде орташа бағам 1 доллар үшін 150 теңге 25 тиын.
KASE мәліметтеріне сәйкес, сәрсенбідегі сауда-саттық көлемі 162,8 млн долларды құрады, сейсенбіде 229,1 млн доллар болатын.
Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.
Ресми бағам анықтау тәртібіне сәйкес, 21-қараша күні теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 150 теңге 25 тиын. 22-қараша күні 150,19 тиын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін