Жарияланды: 340

KASE биржасының сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы

Қазақстан қор биржасының (KASE) сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы дүйсенбімен салыстырғанда 0,21 теңгеге артты. Бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар құны 150 теңге 25 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Дүйсенбідегі бағам: 150 теңге 46 тиын. KASE мәліметтеріне сүйенсек, сейсенбідегі сауда-саттық көлемі 229,1 млн долларды құрады. Дүйсенбідегі сауда-саттық 121,7 млн долларды құраған болатын. Сауда-саттыққа 22 банк қатысты. Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 21-қарашада теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 150 теңге 25 тиын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін