Жарияланды: 320

KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 145,48 теңге

Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен

(EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды. Саудаға KASE-нің 14 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі. Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 145,48 теңгені, ал сауда көлемі -96 700 мың АҚШ долларын құрады. Т+2 теңге есебімен АҚШ доллар бойынша сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін