Жарияланды: 600

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 145,35/145,36 теңге, рубль - 5,1748 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD),

еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_002, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті. USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін USDKZT_0_001 валюталық своп операциясы бойынша 2011 жылдың 30 мамыры АҚШ-та (Еске алу күні) мерекеленген соң бүгін KASE жүргізілген жоқ. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі, своп-нарықта - 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі. АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 145,36 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 72 500 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 145,35/146,36 теңге болды. Еуро спот-нарықта: - Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. - Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. - Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 5,1748 теңгені, сауда көлемі 6 200 мың рубльді құрады. Валюталық своп операциялары нарығында: - USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,03 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 301 000 мың АҚШ долларын құрады. - EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ. - EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін