KASE ШОБ субьектілерін қаржыландырудың балама тетігін ұсынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE ШОБ субьектілерін қаржыландырудың балама тетігін ұсынбақ

KASE ШОБ субьектілерін қаржыландырудың балама тетігін ұсынбақ

KASE ШОБ субьектілерін қаржыландырудың балама тетігін ұсынбақ. Бұл туралы бүгін Алматыда KASE қор биржасының 2015 жылғы, 2016 жылдың алғашқы тоқсанындағы жұмысын қорытындылау барысында мәлім болды.

  • 27 Сәуiр 2016
  • 388
Фото - Caravan.kz

KASE Қазақстан қор биржасы басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевскаяның айтуынша, қазіргі таңда қор биржасының өкілдері ШОБ субьектілерін қаржыландырудың балама тетіктерін қарастыруда.

«Шағын және орта кәсіпкерлерге тиімді қарыз алуға мүмкіндік беретін жобаны қарастырып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, «Даму» қоры арқылы мемлекет шағын және орта кәсіпкерлердің алған несиесінің бір бөлігіне демеуқаржы бөліп немесе негізгі қарызды кепілдендіреді. Сол сияқты қор нарығында облигациялар секторында осыған ұқсас балама технология ұйымдастырылады. Сондағы мақсат облигация шығаратын әр компания купондық ставканың бір бөлігіне демеуқаржы немесе негізгі қарызға кепілдеме алатын болады. Бұл Қазақстан экономикасы үшін өте тиімді шара болар еді», — деді Хорошевская Наталья.

KASE Қазақстан қор биржасы басқарма төрайымы Алина Алдамбергеннің айтуынша, қазақстандық компаниялар қор нарығында 1 млрд теңге көлемінде қарыз ала алады.


«Даму қорының тетіктерін толық зерттедік. Облигация шығарған компаниялар 1 млрд теңге көлемінде қарыз ала алады. Кейінірек белгілі бір жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін», — деді А.Алдамберген.