KASE таңертеңгілік сессия: 1 доллар - 372.8 теңге - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KASE таңертеңгілік сессия: 1 доллар - 372.8 теңге

KASE таңертеңгілік сессия: 1 доллар - 372.8 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

  • 25 Қаңтар 2016
  • 245
Фото - Caravan.kz

Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 372,80 теңгені (-8,36 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 201 300 мың АҚШ долларын (+116 250 мың USD) құрады.

Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.


Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані 56,4183  теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 600 мың юань (+600 мың юань) болды.