Жарияланды: 340

KASE таңертеңгілік сессиясы

KASE таңертеңгілік сессиясы

Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша,

есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасынан.

Есептесуі T+0 теңгемен орташа сараланған АҚШ долларының бағамы бір долларға 307,40 (-0,28 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 87 600 мың АҚШ долларын (+27 300 мың USD) құрады. Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеу болған жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 48,0200 теңгені құрады, сауда-
саттық көлемі - 700 мың юань (+700 мың юань).

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік 
сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін