Жарияланды: 350

KASE: теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,08 теңгеге артты

Қазақстан қор биржасының (KASE) сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы дүйсенбімен салыстырғанда 0,08 теңгеге артып, 145 теңге 47 тиынды құрады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне KASE мамандары хабарлады.

Дүйсенбідегі бағам: 145 теңге 55 тиын. KASE мәліметтеріне сүйенсек, сейсенбідегі сауда-саттық көлемі 66,2 млн доллар, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 27,35 млн доллар болатын. Сейсенбідегі сауда-саттыққа 17 банк қатысты. Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 8-маусымда теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 145 теңге 48 тиын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін