Кәсіпкерді үтікпен күйдірген айыпталушыларға қатысты сот күтпеген үкім кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерді үтікпен күйдірген айыпталушыларға қатысты сот күтпеген үкім кесті

Кәсіпкерді үтікпен күйдірген айыпталушыларға қатысты сот күтпеген үкім кесті

Көкшетауда кәсіпкердің денесін үтікпен күйдіріп азаптап, ақша бопсалағандарға қатысты бүгін сот күтпеген үкім кесті. Олардың біреуі ғана 12 жыл бас бостандығынан айырылса, екі күдікті кінәсіз деп танылып, сот залынан бостандыққа жіберілді.

  • 9 Тамыз 2013
  • 647
Фото - Caravan.kz

Облыс бойынша дүкендер мен наубайханалар желісінің иесі Сергей Чеканға былтыр жасалған шабуыл бүкіл ақмолалық кәсіпкерлердің үрейін қашырды. Одан 30 миллион теңге бопсалау үшін қаскөйлер басына целлофан қапшық кигізіп тұншықтырып, аяғына істік тығып, денесін үтікпен күйдіріпті. Ол өзін азаптаған қарақшылардың түрін жазбай таныған. Өйткені ақталып шыққан күдіктілердің бірі оның қол астында жұмыс істепті. Сондықтан соттың оларды жазықсыз,- деп бостандыққа жіберуін күтпеген едім дейді. Қазірдің өзінде тәртіп сақшылары 6 қарақшының үшеуін іздестіруде. Ал бүгін бостандыққа жіберілген күдіктілер айыпсыз 1 жылдан аса қамауда отырғандары үшін кәсіпкердің өзін кінәлап отыр.


Руслан Қабылбаев:

— Жәйдан-жәй отырдық қой. Ол бізге жала жапты. Өтірік бәрі.

— Кім?

— Зардап шегуші.

Сергей Чекан, жәбірленуші:

— Адаев пен Қабылбаев сол топтың ортасында болды. Мен оларды таныдым. Адаевпен бірге жұмыс істегем, қалай танымаймын? Қандай азап көрдім, жайдан-жай қоя салмаймын. Ары қарай шағымданам. Кешірмеймін бәрібір.