Жарияланды: 450

Кәсіпкерлер шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге жарияланған мораторий мерзімін ұзартуды жақтайды - Алматы кәсіпкерлерінің қауымдастығы

Кәсіпкерлер шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге жарияланған мораторий мерзімін тағы да 2-3 жылға ұзартуды жақтайды. Бұл туралы бүгін, 10-қазанда KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Алматы кәсіпкерлерінің қауымдастығының президент Виктор Ямбаев мәлімдеді.

В.Ямбаевтың айтуына қарағанда, " мораторийді осындай тексерулер жөніндегі заңнамалар толыққанды жетілдірілгенге дейін соза тұру дұрыс". Алматы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті атап көрсеткеніндей, " бюджетке түсетін салық түсімдері 20 процентке артып, өткен мораторийдің пайдасы айтпаса да түсінікті болып тұр. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер еркін тыныстай бастады". Ал Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы Райымбек Баталовтың пікірінше, мәселені басқа қырынан қою керек. "Мораторий мерзімін ұзартпауға да болады, бірақ тексерулер процедурасын қысқа мерзімде заңдастырып, тексеруші және бақылаушы органдардың жұмысына сараптама жасау қажет". Р.Баталовтың пікірінше, қазір бұл тетіктердің барлығы да мүлдем жұмыс істемейді. Бұған дейін де хабарлағанымыздай, шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жариялау туралы кәсіпкерлердің бұған дейінгі форумында, 2002-жылдың 18-қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған болатын. Мораторий тоғыз айға жалғасты. Кәсіпкерлердің ақпаратына жүгінсек, осы мерзімде тексерулер саны екі есе азайған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін