Кәсіпкерлерді тексеру былтырғыға қарағанда екі есе қысқартылыпты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкерлерді тексеру былтырғыға қарағанда екі есе қысқартылыпты

Кәсіпкерлерді тексеру былтырғыға қарағанда екі есе қысқартылыпты

Қазақстанның қаржы полициясы биылғы жылдың бірінші тоқсанында кәсіпкерлерді тексеруді былтырғыға қарағанда екі есе қысқартты.

  • 13 Мамыр 2014
  • 269
Фото - Caravan.kz

«Бірінші тоқсанда қаржы полициясы органдарының бастамасымен 63 кәсіпкерлік нысан тексерілді. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2 есе (133), 2012 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 7,6 есе (482), 2011 жылмен салыстырып қарағанда 9 есе (560) кем», — деп сейсенбі күні Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы полицейлері 2014 жылдың қаңтар-наурызы аралығында кәсіпкерлік субъекті қызметіне заңсыз араласу фактісі бойынша 76 қылмыстың бетін ашқан.


Аталған санаттағы 55 қылмыстық істі тергеу аяқталып, 54-і сотқа жөнелтілген. Жалпы, 56 лауазымды тұлға жауапқа тартылыпты.