Каспий теңізінде Әзербайжанның әскери МиГ-29 ұшағының қалдықтары мен бір ұшқыштың мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде Әзербайжанның әскери МиГ-29 ұшағының қалдықтары мен бір ұшқыштың мәйіті табылды

Каспий теңізінде Әзербайжанның әскери МиГ-29 ұшағының қалдықтары мен бір ұшқыштың мәйіті табылды

Баку. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінде жексенбі күні құтқарушылар Әзербайжанның әскери МиГ-29 ұшағының қалдықтары мен бір ұшқыштың мәйітін тапты, деп хабарлайды агенттік осы елдің ANS телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 18 Ақпан 2008
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Жексенбі күні жағалаудан 6 шақырымдағы 17 метр тереңдікте ұшақтың қалдықтары мен бір ұшқыштың денесі табылды. Оқиға орнына ұшақтың қалдықтары мен ұшқыштың мәйітін көтеру үшін сүңгуірлер мен арнайы техника жеткізілді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2008 жылдың 29 қаңтарында оқу жаттығуларын орындап жүрген МиГ-29 әскери ұшағы Бакуге жақын жерде теңізге құлап түскен. Ұшақтың апатқа ұшырауына және экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты Әзербайжанның әскери прокуратурасы ұшу техникасының қауіпсіздігі сақталмағандығынан туындаған адамдардың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ұшақ апатының себеп -салдары анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті