Каспий теңізінде балықшыларға ескертусіз оқ атылып, екі адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде балықшыларға ескертусіз оқ атылып, екі адам қайтыс болды

Каспий теңізінде балықшыларға ескертусіз оқ атылып, екі адам қайтыс болды

Атырау. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысының Исатай ауданының теңіз жағасындағы Жанбай ауылынан 70 шақырым жерде бортында 4 балықшы бар қайыққа ескертусіз оқ атылды. Екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Тамыз 2008
  • 482
Фото - Caravan.kz

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан балықшылары мінген қайыққа үстерінде әскери формадағы адамдар бар белгісіз қайық шабуыл жасады деген ақпарат полицияға келіп түскен. Оқ жарақаттарынан 1976 жылы және 1986 жылы туған екі жігіт қайтыс болды.

Төтенше жағдай орнына келген құқық қорғау органдарының шұғыл қызметкерлері қайтыс болған адамдардың денелерін тауып алған. Мүрделер тиісті сараптамадан өткізу үшін мәйітханаға әкелінген. Ғайыптың күшімен ажалдан аман қалған балықшылар теңіздің шекара катері шабуыл жасады деп сендіруде. Олар оқты ескертусіз атқан. Бұл оқиға балықшыларда балық аулауға рұқсаттарының бар екендігіне қарамастан болған. Балықшылар аулаған балықтарын «АтырауБалық» балық өңдеу зауытына өткізіп отырған.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, балықшыларға шабуыл жасау оқиғасын тергеумен Атырау облысының әскери прокуратурасы мен ҰҚК департаменті айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар