Жарияланды: 570

Каспий теңізінде шекарашылар жасағы тарапынан атылған оқтың астында қалған балықшылар балықты заңсыз аулаған - ҚР бас әскери прокуратурасы

Алматы. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінде шекарашылар жасағы тарапынан атылған оқтың астында қалған балықшылар балықты заңсыз аулаған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР бас әскери прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Прокуратураның хабарлауынша, 14 тамызда таңғы сағат 4 шамасында Атырау облысының Жанбай ауылының маңындағы Каспий теңізінің жағасынан 80 - 100 шақырым жерде Ақтау қаласындағы 2201 әскери бөлімінің шекара жасағы 4 жолаушысы бар "Байда-200" типті қайықты байқаған. "Аталмыш қайықтың ізіне түсу кезінде шекара жасағы оқ атқан. Соның салдарынан балықшылардың бірі оқиға орнында жан тапсырса, екіншісі алған жарақаттарынан көз жұмған. Қайықтағылар өз іздеріне түскен шекара катерінен қашып құтылған", - деп хабарлады прокуратура. Прокуратураның ақпаратына сүйенсек, сол күні оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ҚР ҰҚЕ әскери полициясының 7-бөлімінің және ҚР ІІМ Атырау облыстық әскери-тергеу бөлімінің қызметкерлерінен тұратын шұғыл тергеу тобы құрылған. Осындай топ Ақтау гарнизонында да құрылған. Прокуратураның хабарлауынша, 15 тамызда ҚР ІІМ Атырау облыстық әскери-тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 376-бабының 2-тармағы (Шекара қызметін атқару ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Шекара қызметінің іс-әрекетінің заңдылығы аталмыш істі тергеу барысында анықталатын болады. Балықшылардың теңізде болу заңдылығын тексеру барысында ағымдағы жылдың 25 мамыры мен 15 тамызының аралығында Каспий теңізінде балық аулауға тыйым салынғаны белгілі болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть