Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жалғасуда

Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жалғасуда

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда Каспий теңізінің айдынында суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын он екінші күн бойы ізд

  • 1 Қазан 2007
  • 446
Фото - Caravan.kz


Астана. 1 қазан. «Қазақстан Бүгін» — Атырауда Каспий теңізінің айдынында суға батып кеткен «Баку» кемесінің экипажын он екінші күн бойы іздестіруде, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, «Баку» кемесінің экипажын іздестіру жұмыстарына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 құтқарушысы, «ҚазЭйрВест» әуе компаниясының 1 тікұшағы, облыстық судан құтқару қызметінің үш құтқарушысы, «Атырауөзенпорты» АҚ-ның кемесі жұмылдырылған. «Іздестіру жұмыстары жалғасуда», — деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Баку» кемесі 19 қыркүйекте 8 сағат 30 минутта суға батып кеткен. Кемеде экипаждың 4 мүшесі болған. ТЖМ ақпаратына сәйкес, кеме «Атырауөзенпорты» АҚ-ның иелігінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті