«24 қыркүйекте «Баку» кемесінің экипажын іздестіру жұмыстарына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 құтқарушысы мен «Атырауөзенпорты» АҚ-ның 1 кемесі жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары 25 қыркүйекте жалғасады», — деп хабарлайды мекеме.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Баку» кемесі 19 қыркүйекте 8 сағат 30 минутта суға батып кеткен. Кемеде экипаждың 4 мүшесі болған. ТЖМ ақпаратына сәйкес, кеме «Атырауөзенпорты» АҚ-ның иелігінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті