Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті кездесуі Мәскеуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті кездесуі Мәскеуде өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті кездесуі Мәскеуде өтеді

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті 20-шы кездесуі Мәскеуде өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2005
  • 421
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 23-қарашада Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының министр орынбасарлары деңгейіндегі 19-шы отырысының қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.

«Тараптар кезекті отырысты Мәскеуде өткізуге және оның мерзімін дипломатиялық желілер арқылы айқындауға келісті»,- делінген кездесуге қатысушылар қабылдаған қорытынды коммюникеде.
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының 19-шы отырысы қарашаның 22 және 23-жұлдызында Астанада өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан өкілдері қатысты. Кездесуде Қазақстандық өкілдерді ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздерге қатысушы Қазақстан өкілі Ерік Өтембаев басқарды.