Каспий теңізінің Ресеймен шекарадағы жағалауында қамыс өртеніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің Ресеймен шекарадағы жағалауында қамыс өртеніп жатыр

Каспий теңізінің Ресеймен шекарадағы жағалауында қамыс өртеніп жатыр

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында 100 гектар аумақта қамыс өртенді. Жалын Ресеймен шакарадағы Құрманғазы ауданында тұтанған.

  • 3 Наурыз 2024
  • 9
Фото - Caravan.kz

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің мәліметінше, қамыс өрті 2 наурыз күні сағат 15:45-те тұтанған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform.kz-ңа сілтеме жасап 

«Құрманғазы ауданындағы Құрманғазы ауылынан 40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында тұтанған қамыс өрті 100 гектар батпақты аумақты шарпығаны анықталды. Қамыс өртінен Құрманғазы ауданындағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Кеше өртті сөндіруге сағат 17:57-де Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінен, орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органнан 36 адам, 5 мотопомпа, 1 техника, 4 мотоқайық тартылды», — деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

Оның айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жақын арада өрт ошағына Атырау қаласынан тікұшақ пен өрт сөндірушілерді жіберу жоспарланып отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда былтырғы қазаннан бері тұрғын үйдегі өрттен 6 қаза тапқанын хабарлаған едік.