Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде браконьер Әзербайжан азаматтары қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде браконьер Әзербайжан азаматтары қамауға алынды

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде браконьер Әзербайжан азаматтары қамауға алынды

Астана. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде Атырау облысының Жилая Коса ауданындағы Каспий теңізінің жағасынан 25 шақырым жерде бортында 14 Әзербайжан азаматы, сондай-ақ, "Ямаха-55" аспалы моторлары орнатылған "Прогресс" типіндегі екі қайығы бар "ПТС" кемесі қамауға алынды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2008
  • 462
Фото - Caravan.kz

Министрліктің хабарлауынша, кемені тексеру кезінде бортынан бекіре тұқымдас балықтар, тыйым салынған қарулар, аулар, 4 жәшікте бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын жинайтын қаңылтыр ыдыстар, сондай-ақ, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулауға арналған құралдар мен жабдықтар табылды.

Сондай-ақ, кеме табылған және ұсталған аумақтағы суда орнатылған бекіре тұқымдас балықтарды аулайтын 50 ау шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті