Каспийде ресейлік "Камюст-1" жүк таситын кемесі іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийде  ресейлік "Камюст-1" жүк таситын кемесі іздестірілуде

Каспийде ресейлік "Камюст-1" жүк таситын кемесі іздестірілуде

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Каспийде ресейлік "Камюст-1" жүк таситын кемесін іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің басасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2007
  • 386
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, 20 қарашада таңғы сағат 6-да «Камюст-1» кемесінің құтқару-іздестіру жұмыстарына Ресей Федерациясының «Эпрон» буксирі, «Каспий», «Элеганс», «Самур-18″, Тюлень-6», «Нефтерудов-31», «Амур-2518»; «Блюспринтер» және «Татарстан» әскери кемесі жұмылдырылды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 18 қазанда сағат 11.00 Ақтау теңіз портына «Камюст-1″( Ресей Федерациясы) кемесінің апатқа ұшырағаны жөнінде ақпарат келіп түскен.

Кемемен байланыс 11 қарашада үзілді. Соңғы кеменің шөккен жері солтүстік ендіктің 43.37 және шығыс бойлықтың 50.35 градусы. Екі күн өткеннен кейін іздестіру жұмыстары басталды. Болжам бойынша, кемеде экипаждың 12 мүшесі бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті