Жарияланды: 430

Каспийді игеру жөніндегі Қазақстан президенті қол қойған бағдарламаның тұсаукесері Канада немесе Лондонда өтеді- ҚР энергетика министрі

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі Қазақстан президенті осыдан бір апта бұрын қол қойған мемлекеттік бағдарламаның тұсаукесері таяу уақыттарда Канада немесе Лондонда өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник хабарлады.

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның басты бағыты- 2015-жылы Қазақстанда мұнай өндіру мөлшерін жылына 150 миллион тоннаға жеткізу болып табылады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекеттік бағдарламада Каспий шельфін дамыту 3 сатыға жоспарланған. 2005-жылға дейін есептелген алғашқы сатысында тендерлік құжаттарды дайындау, Каспий шельфіндегі құрылымдарды игерудің экономикалық, геологиялық және салықтық модельдерін жасау көзделіп отыр. 2005-2010-жылдар аралығындағы екінші сатысында тендерлік процедуралар өткізіліп, теңіздегі кен көздері игеріле бастайды. Ал 2010-2015 -жылдарда шельфті зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасып, мұнайлы кеніштер игеріледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть