Ол өз салмағынан әлдеқайда жоғары 87 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 215 келіні еңсерді. Раушан турнирде жеңімпаз атанған венгриялық спортшыдан бір келі ғана кем көтергенін айту керек.
Сондай-ақ жерлесіміз жұлқа көтеруде 100 келіні бағындырып алтын алса, серпе көтеруде 115 келімен күміс олжалады.