Кавказ бен Орталық Азияда семіздіктен зардап шегетіндер саны артып барады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кавказ бен Орталық Азияда семіздіктен зардап шегетіндер саны артып барады

Кавказ бен Орталық Азияда семіздіктен зардап шегетіндер саны артып барады

Кавказ бен Орталық Азияда артық салмақ пен семіздіктен зардап шегетін тұрғындар саны көбейіп барады.

  • 12 Мамыр 2014
  • 751
Фото - Caravan.kz

«Кейбір адамдардың тойып тамақ ішпеуінің тағы бір себебі семіздікке шалдыққандар санының артуына келіп тіреледі. Кавказ-Орталық Азия, ТМД-ның еуропалық бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Еуропа сынды үш субаймақта артық салмақ пен семіздік зардабын тартатын адамдар саны орташа әлемдік деңгейден әлдеқайда жоғары, 34,1 пайызды құрайды», — деп БҰҰ Агробизнес пен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұйымының (БҰҰ ФАО) аймақтық бөлімшесі сарапшысы Степан Танич мәлім етті.

«Осылайша, Кавказ-Орталық Азия елдері халқының 48 пайызға жуығы, ал, ТМД-ның еуропалық бөлігі мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа халқының 50 пайыздан астамы артық салмақ қосқан немесе семіздікке шалдыққан. Босния мен Герцеговиняда, Түркияда бұл көрсеткіш 60 пайыздан асып-жығылады», — дейді сарапшы.



ФАО болжамынша, 2050 жылға қарай Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы баяу дамыған елдер семіздік көрсеткіші жағынан алға шығады, дейді С.Танич.

«Бұл аталған үш субаймақта тамақтануға байланысты туындайтын жұқпалы емес аурулардың таралу қаупін арнттырады. Бұл, әсіресе, қаржылық ресурсы аз, кедей мемлекеттерде медицина мекемелеріне түсетін салмақты күшейтпек», — деп атап өтті ол.