Жарияланды: 550

Кавказдағы шиеленіс Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығына әсер етпейді - телеарна

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Кавказдағы шиеленіс Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығына әсер етпейді. Бұл туралы кеше "Орталық Азия. Инвестициялық мүмкіндіктер. Жаңа Жібек Жолы" конференциясы барысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Қазақстанның өзі Грузиядағы ең ірі инвесторлардың бірі. Сонымен бірге Қазақстан - Ресейдің стратегиялық серіктесі. Онсыз біздің өңірде тұрақтылық болмайды. Бұны бәрі де бағамдайды. Шиеленіс Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығына әсер етпейді деп ойлаймын", -деді Кәрім Мәсімов. Конференцияға қатысқан Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер де Орталық Азияның инвестициялық тартымдылығын атап өтті. "Жылжымайтын мүлікке де, ауылшаруашылығына да қаржы салуға болады. Әлеует өте үлкен. Таяу уақыттарда Еуропа газ импортын 50%-ға ұлғайтады. Осы тұста өңірдің ролі өсе түспек", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін