Қазақ және әзербайжан тілдері – ChatGPT-де ең тез дамып келе жатқан тілдер - kaz.caravan.kz
  • $ 487.76
  • 562.39
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ және әзербайжан тілдері – ChatGPT-де ең тез дамып келе жатқан тілдер

Қазақ және әзербайжан тілдері – ChatGPT-де ең тез дамып келе жатқан тілдер

Қазақ және әзербайжан тілдері – ChatGPT-де ең тез дамып келе жатқан тілдер

  • 12 Маусым
  • 4
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы OpenAI қаржы директоры Сара Фрайар All-In with Chamath, Jason, Sacks & Friedberg подкастында мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, компанияның экономикалық зерттеу тобы ChatGPT қолдану бойынша ең жылдам дамып келе жатқан континенттер Африка елдері екенін, ал тілдер арасында әзербайжан және қазақ тілдері көш бастап тұрғанын тіркеді.

Бұған дейін OpenAI Қазақстанның білім жүйесіне жасанды интеллект енгізуге атсалысатынын жазған болатынбыз.

Айта кетерлігі, Қазақстан OpenAI компаниясы ChatGPT Edu білім беру бастамасын жүзеге асыру үшін таңдап алған әлемдегі алғашқы алты елдің қатарына кірді. Жоба оқытушыларға оқу, зерттеу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін жасанды интеллектінің заманауи құралдарына қолжетімділік ұсынуға бағытталған.

OpenAI мәліметтері бойынша, Қазақстан жасанды интеллектіні қолдану деңгейі жоғары елдердің қатарына кіреді. ChatGPT-ді ең белсенді пайдаланушылар — 18 бен 34 жас аралығындағы жастар. Қазақстандықтар жасанды интеллектіні көбінесе ақпарат іздеу, практикалық ұсыныстар алу, мәтіндер жазу және оларды өңдеу үшін қолданады.