Қазақстан биыл 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан биыл 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр

Қазақстан биыл 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр

Жыл басынан бері елімізде мұнай өндіру көлемі 45,7 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,6 пайызға тең.

  • 14 Шiлде
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазды kaz.inform.kz

Министрдің айтуынша, мұнай өндіру көлемін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ірі жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

– Қашаған кен орнында бұған дейін қысқарған өндіріс көлемінің орнын толтыру үшін жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді. Бұл 2 млн тоннаға дейін мұнай өндіруге мүмкіндік береді, – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің сөзінше, биыл мұнай өндіру бойынша жалпы шығын көлемі 4,9 млн тоннадан 3,3 млн тоннаға дейін қысқартылған.

— Жалпы, осы жылы мұнай өндіру көлемі 98 млн тонна болады деп болжанып отыр. Ал алты айдағы көрсеткіш 8,98 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштің 97,9 пайызын көрсетті, — деді ол.

Айта кетейік, мұнай бағасы бір аптада 10%-дан астам өсті.