Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі таңда ел аумағында жалпы ұзындығы 4 900 шақырымға жететін 26 ақылы жол учаскесі бар. Ақылы жолдарда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілді.
Биыл қосымша жаңа 6 ақылы учаскені енгізу жоспарлануда, — дейді спикер.
Брифинг барысында Дархан Иманашев биылғы су тасқыны маусымын жол қызметі алдын ала дайындық жұмыстарының арқасында абыроймен алып шыққанын айтты.
2026 жылғы су тасқыны кезеңінде республикалық автожолдарда 5 су алу фактісі ғана тіркелді. Осыдан екі жыл бұрын 178 су алу фактісі тіркелген болатын. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1000 бірлік техника және 1900 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 15 мың суөткізгіш құбырлар тазартылып, 86 мың текше метр инертті материал әзірленді.