Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен 2026-2030 жылдарға арналған қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кездесу барысында «Жасыл Даму» АҚ-мен бірлесіп әзірленген, қалдықтарды басқарудың тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бағдарламасы талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша министр тұжырымдаманы белгіленген мерзімде сапалы іске асыруды тапсырды.