Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС-тың атауын жариялады.
Қазақстандағы екінші атом электр станциясы да Балқаш көлінің жағасында салынады.
«Қазіргі кезде үш алаң қарастырылып жатыр. Екінші АЭС-тың жұмыс атауы да бар. Ол «Мойынқұм» атом электр станциясы болады», — деді Сәтқалиев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, осы жолы АЭС атауына конкурс жарияланбайды. Ал қытайлық China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы екінші атом электр станциясын салуы мүмкін.