Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға фосфорит шығаратын комбинатының №5 «Ақсай» шахтасында орын алған. Жұмысшылар құрамы минералға бай шикізатты қазып алу үшін жарылғыш заттарды қолданса керек. Сол сәтте, кенеттен жойқын жарылыс болыпты. Екі үңгуші маман сол жерде тіл тартпай кеткен. Қайғылы жағдайдың жай-жапсарын еңбек инспекциясы анықтап жатыр.