Казкоммерцбанктің директорлар кеңесінің төрағасы болып Кеңес Рақышев сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Казкоммерцбанктің директорлар кеңесінің төрағасы болып Кеңес Рақышев сайланды

Казкоммерцбанктің директорлар кеңесінің төрағасы болып Кеңес Рақышев сайланды

«Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 28 Сәуiр 2016
  • 423
Фото - Caravan.kz

Казкоммерцбанктің директорлар кеңесінің төрағасы болып ең ірі акционер Кеңес Рақышев сайланды.

Бұрын осы лауазымда қызмет атқарған Марк Хольцман директорлар кеңесінің мүшесі әрі банктің басқарма төрағасы болды.

Өзге елдің азаматы болып табылатын М.Хольцман құзырлы органдардың рұқсат қағазынан соң қызметіне кіріседі.

Ал сол уақытқа дейін оның міндетін Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Абай Ескендіров атқаратын болды.

Айта кету керек, А.Ескендіров банктің директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі лауазымында қызмет етіп келген.


«Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің құрамы жаңа басқарушы директорлармен толықты. Олардың қатарында Ерұлан Құсайынов, Миржан Қарақұлов, Мұрат Сүлейменов, Асқар Дәрменов бар.