Жарияланды: 530

KazSat-2 қалыпты жағдайда жұмыс істеуде

KazSat-2 жоспарланған бағдарламасы толық көлемде атқарылуда,

деп хабарлайды Қазғарыш республикалық ғарыштық байланыс орталығының баспасөз қызметі. ««KazSat-2» телеметрикалық ақпарат деректері бойынша, жоспарланған бағдарламасы толық көлемде атқарылуда»,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Ведомствоның ақпараты бойынша, қазір «KazSat-2»-ні 86,5 градус шығыс бойлықтағы орбиталық ұстанымға көшіру операциясы іске асырылуда. Еске сала кетсек, KazSat-2 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін