KazSat-2 спутнигінің жұмысы қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KazSat-2 спутнигінің жұмысы қалпына келтірілді

KazSat-2 спутнигінің жұмысы қалпына келтірілді

[wpcode id="1694287"] KazSat-2 жұмысында штаттан тыс жағдай анықталған соң, 6,5 сағаттан кейін байланыс және хабар тарату ғарыштық аппа

  • 31 Наурыз 2017
  • 433
Фото - Caravan.kz


KazSat-2 жұмысында штаттан тыс жағдай анықталған соң, 6,5 сағаттан кейін байланыс және хабар тарату ғарыштық аппаратының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі

«Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін хабарланғандай, 2017 жылдың 31 наурызында Астана уақытымен сағат 08:22-де «KazSat-2» спутнигінің қазақстандық жерүсті операторлардың сигналы нашарлады. Жағдай туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне, сондай-ақ спутник ресурсын қолданатын операторларға дереу хабар берілді. KazSat-2 ғарыш аппаратының ресурстарын қолданатын ҚР байланыс және телехабар таратудың 13 операторының бір бөлігінде ғана сигнал нашарлаған, «спутникпен байланыстың жоғалуы туралы» айтылған жоқ, деп хабарлады баспасөз қызметі. Республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары аппаратты әзірлеушілермен бірлесіп, KazSat-2 жұмысындағы штаттан тыс жағдай себептерін мұқият зерттеп жатыр. Әзірге «Ақкөл» Жерүсті бақылау кешенінің инженерлері «KazSat-2» штаттық пайдалануды жүзеге асыруда, байланыс пен телехабар таратудың барлық операторларының жұмысы қалпына келтірілді, деп аталып өтті РҒБО баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар