KazSat-2 жер серігінің уақытша істен шығуына күннің белсенділігі әсер еткен - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KazSat-2 жер серігінің уақытша істен шығуына күннің белсенділігі әсер еткен

KazSat-2 жер серігінің уақытша істен шығуына күннің белсенділігі әсер еткен

Қазақстандық KazSat-2 байланыс серігі қайтадан іске қосылды.

  • 1 Шiлде 2015
  • 631
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер хабарлады.
«Бүгін сағат 2:30-да аппаратты іске қостық. Ол зақымданған жоқ, қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр», — деді ол берген сұқбатында.
Айтуынша, аппараттың істен шығуына «күннің ерекше белсенділігі» түрткі болған.
В.Лефтердің сөзіне сүйенсек, Ақмола облысының Ақкөл ауылында орналасқан республикалық ғарыштық байланыс орталығы қызметкерлері мен ресейлік мамандардың бірлескен еңбегінің арқасында жер серігі қайта іске қосылды.
«Сонымен қатар, бортқа жаңа бағдарламалар жүктеп, спутник жүйелерін жаңартып алдық», — деді РҒБО басшысы.