"KazSat-3" серігін 30 сәуір күні ұшыру көзделген - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"KazSat-3" серігін 30 сәуір күні ұшыру көзделген

"KazSat-3" серігін 30 сәуір күні ұшыру көзделген

2014 жылы Қазақстанның ғарыштық аппараттарының топтамасы екі серікпен толығуға тиіс,

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 767
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады жұмада "Байқоңыр ғарышжайындағы дереккөз.

Әңгімелесушінің айтуынша, 30-сәуір күні Байқоңыр ғарышжайынан "Протон-М" зымыраны ұшырылмақ, ол орбитаға екі серікті –ресейлік "Луч-5В" пен қазақстандық "KazSat-3" алып шықпақ.

"2014 жылы жазға қарай РФ Орынбор облысындағы Домбаровский ғарышжайынан "Днепр" зымыраны ұшырылмақ, ол Жерді қашықтықтан барлаушы қазақстандық KazEOSat-1" серігін алып шықпақ", деді ол.

"KazSat-3"-ті қазақстандық "Республикалық ғарыш байланысы орталығы" АҚ-ның тапсырысы бойынша академик М.Ф. Решетнев атындағы "Ақпараттық серіктік жүйелер" ААҚ құрастыруда.


"KazEOSat-1" Surrey Satellite Technology Ltd (SSTL) ағылшын компаниясы құрастыруда, ол SSTL-150 базасының платформасында жасалуда.

Бүгінгі таңда Қазақстанда бір ғарыштық аппарат бар – телекоммуникациялық "KazSat-2", ол орбитаға 2011 жылы 16-шілде күні шығарылған.