«Kcell» мен «Tele2» үстінен іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Kcell» мен «Tele2» үстінен іс қозғалды

«Kcell» мен «Tele2» үстінен іс қозғалды

Ұялы байланыс операторлары өз қызметтерін азаматтардың келісімінсіз қосқаны үшін жауапқа тартылмақ.

  • 5 Ақпан 2014
  • 340
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өткен жылдағы қорытындысы мен биылғы мақсаттарына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Ғалым Оразбақов мәлім етті.

Ғ. Оразбақов «Kcell» АҚ мен «МобайлТелекомСервис» ЖШС-ға қатысты тергеу жүргізу барысында ұялы операторлар абонеттердің келісімінсіз «Әрқашан байланыста» қосымша қызметін күштеп таңуы анықталғанын атап өтті. Ал ұялы байланыс операторларына қатысты қозғалған әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер сотқа жіберілген.