Жарияланды: 360

Кеден одағы комиссиясы 1 шілдеден бастап кедендік бақылауды алып тастауға дайындықты талқылайды

Ресей, Белорусь, Қазақстанның Кеден одағы комиссиясы 1 шілдеден бастап мемлекетаралық шекараларда кеден, транспорттық, санитарлық бақылауды алып тастауға дайындық мәселесін талқылайды.

Аталмыш комиссия хабарламасына сәйкес, отырыста лицензияланатын тауарларды әкелу және әкетуді бақылаудың бірыңғай тәртібі туралы ереже, қолма қол ақшаны алып өту кезінде қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға қарсы тұру туралы келісімшарт қарастыру жоспарланған. Комиссия мүшелері Кеден одағының балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерінің, ойыншықтардың, төмен вольтті қондырғы, қаптамалар, парфюмералық-косметикалық өнімдер, пиротехника заттары, темір жолдардың қозғалыс құрамы, жоғары жылдадмықты темір жол транспорты, темір жол транспортының инфрақұрылымының техникалық регламент жобаларын қарастырады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін