Жарияланды: 450

"KEGOC" жер сілкінісінен зардап шеккен он шақты Жамбылдық отбасын баспанамен қамтамасыз етпек

Осы аптада электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы - "KEGOC" ААҚ-ның вице-президенті Дүйсенбай Тұрғанов бастаған өкілдері Жамбыл облысындағы жер сілкінісі болған ауданда болды,- деп хабарлайды - "KEGOC" ААҚ-ның баспасөз қызметі.

Зілзаладан зардап шеккендер үшін қазіргі ең өзекті мәселе- баспана мәселесі екені белгілі. Осыған байланысты "KEGOC" ААҚ-ның басшылығы зілзала кесірінен баспанасыз қалған отбасыларға жаңа үйлер салып беруге шешім қабылдады. Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы аулында (Луговое) қазір аудан әкімшілігі осы мақсатта жер учаскелерін бөле бастады. "KEGOC" компаниясы суық маусым басталғанға дейін баспанасыз қалғандарға күшті жер сілкінісіне төтеп бере алатын 16 жаңа үй салып беруді жоспарлап отыр. Алдын-ала есеп бойынша компания жаңа үйлер салуға 50 миллион теңге жұмсайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть