"Кел!": Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан Мұрат Әбділдәні не себепті іздеп жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кел!": Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан Мұрат Әбділдәні не себепті іздеп жүргенін айтты

"Кел!": Ұлықпан Жолдасов түрмеден шыққан Мұрат Әбділдәні не себепті іздеп жүргенін айтты

Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов Мұрат Әбділдәға әлеуметтік желі арқылы іздеу салды. 

  • 18 Қыркүйек 2023
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өнер иесі Ғаділбек Жанай өз парақшасында бөлісті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

"Сондай бір жақсы хабар естіп жатырмыз "шықты" деген. Шығып жатсаң, хабарлас, кел. Астанаға соқ. Әндеріңді шығарайық. Біраз ән жазып тастапсың түрмеде отырып. Көмегім дайын. Іздеп таба алмай жатсаң, Ғаділбекке жаз", деген ол.

Еске салайық, 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде қарша борататын былапыт сөздерімен танымал. Жазасын өтеп жүргенінде "Енді ешқашан балағаттамаймын" деп сұхбат берген еді. 


«Енді ешқашан балағаттамаймын». Мұрат Әбділда мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Желіде тараған видеолардан бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдәні құрметпен қарсы алған жұрттың қарасы қалың болғанын аңғаруға болады. 

Соңғы жаңалықтар