Келе жатқан жаңа жылдың белгісі - доңызды бейнелеуге тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келе жатқан жаңа жылдың белгісі - доңызды бейнелеуге тыйым салынды

Келе жатқан жаңа жылдың белгісі - доңызды бейнелеуге тыйым салынды

Түркіменстан билігі жаңа жылдық безендіруге келе жатқан жылдың белгісі - доңыз суретін салуға тыйым салған. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметінің Ашхабадтағы тілшісі хабарлайды.

  • 10 Желтоқсан 2018
  • 84
Фото - Caravan.kz

Оның сөзінше, ресми тыйым болмаған. Бірақ жаңа жылдық безендіруде бірде-бір доңыз бейнесі жоқ.

"Былтыр дүкендер мен сауда орындарында қазан айынан бастап кетіп бара жатқан жылдың белгісі — ит ойыншықтары көптеп сатылды. Ал биыл доңыз ойыншықтарды не оның суреттері ешбір жерде жоқ", — дейді тілші.

Таяуда түркімен президенті үкіметтен жаңа жылдық безендіру ұлттық стилде болсын, онда түркімен ертегілері кейіпкерлері бейнеленсін деген тапсырма берген.


Соңғы жаңалықтар