Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның сөзінше, егер эпидемиологиялық жағдай жақсаратын боса, студенттер қаңтардан бастап университетке барып оқитын болады. Алайда барлығы санитарлық дәрігердің шешіміне байланысты болмақ.
"Бұл мәселеде бастысы — ұстаздар мен студенттердің денсаулығы. Біз құзырлы орган ретінде өзіміз мұндай шешім қабылдай алмаймыз. Бұл мәселені бас санитарлық дәрігер шешетін болады. Егер осы кісілердің тарапынан белгілі бір шешім қабылданатын болса, келесі семестр, яғни қаңтар айынан бастап жоғарғы оқу орындары дәстүрлі форматта білім беруге дайын. Бірақ ол эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", — дейді Тойбаев.