Келімбетов банктердің банкротқа ұшырауы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келімбетов банктердің банкротқа ұшырауы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Келімбетов банктердің банкротқа ұшырауы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Ал осы дүрбелеңге қатысты   Ұлттық банктің төрағасы Астанада шұғыл жиын өткізуге мәжбүр болды. Қайрат Келімбетов, "Kaspi " "Альянс ", және "ЦентрКредит" банктерінің жабылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарып,  халықты абыржымауға шақырды.

  • 19 Ақпан 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz


Қайрат Келімбетов, Ұлттық банк төрағасы:

-Ұлттық банк бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдейді. Бұл еліміздегі банк жүйесінің тұрақтылығын бұзбақ болған арам пиғылды арандатушылардың әрекеті. Заң бойынша, салымшылардың банктердегі депозиттеріне мемлекет толық кепілдік берген. Сондықтан  тұрғындарды алданып қалмауға және сабырлық сақтауға шақырамыз.

Қайрат Келімбетов қажет болса, коммерциялық банктерге қолдау ретінде доллармен немесе теңгелей көмектесе алатынын айтты. Қазір "Kaspi", "Альянс " және "ЦентрКредит" банктерінің басшылығы құқық қорғау органдарына шағымданып үлгерді. Олар WhatsApp арқылы аталған банктер «банкрот болады», «депозиттегі ақшаларыңды дереу алыңдар» деген  хабарламаны терроризмге теңестіріп отыр. Арандатушылар "Қазком" мен "БТА" банкінің де жағдайы «мүшкіл» деп ақпарат жіберген. Алайда, интернеттің күшімен жұртты дүрліктіргендер әзірше анықталған жоқ.