Жарияланды: 30

«Келінжан» телехикаясындағы актерлердің гонарары белгілі болды (ВИДЕО)

«Келінжан» телехикаясындағы актерлердің гонарары белгілі болды (ВИДЕО)

Продюсері Гүлнұр Мамасарипова  «Келінжан» телехикаясының актерлері қанша гонорар алғанын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Динара Сәтжанның YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, «Келінжан» телехикаясының төртінші маусымында актерлердің гонорары өте жақсы болған.

«Жалпы «Келінжанның» төртінші маусымындағы бас кейіпкерлердің гонорары өте жақсы болды. Екі кішкентайдан басқасының гонорары 5 млн теңгеден кем емес.

Олар енді 2-3 айлап жүрмейді ғой. 20-25 күн болуы мүмкін. Сонда өзіңіз есептеп көріңіз, гонорар күніне 200 мың теңгеден кем емес. Жалпы одан да қаламақысы жоғары актерлер бар. Күніне 1000 доллар гонорар алатындар бар», – деді ол.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін