Кения президенті Ислам дінін қабылдағаннан кейін жылап жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кения президенті Ислам дінін қабылдағаннан кейін жылап жіберді

Кения президенті Ислам дінін қабылдағаннан кейін жылап жіберді

Кения президенті Ухуру Кениата Бахрейн корольдігіне жасаған ресми сапары барысында Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды. Әсерлі сәт жайындағы бейнебаян әлеуметтік желілерде кеңінен таралған.

  • 24 Ақпан 2017
  • 754
Фото - Caravan.kz

Бейнебаянда қатты толқыған президенттің көз жасына ерік берген сәті де көрсетілген. Ал, жан-жағын қаумалаған адамдар оны кезекпе-кезек құттықтау үстінде.

Айта кетейік, Ухуру Кениата 2013 жылдан бері билік құрып келеді. Ал, оның әкесі Джомо Кениата азаттық үшін күрес жүргізген көтерілісші қаһарман ретінде «кения халқының әкесі» саналады.

Ал, Кения халқының діни құрылымына келер болсақ, шамамен жартысына жуығы протестанттықтар. Ал, төрттен бірі католик дінінде. Әрбір оныншы тұрғын Ислам дінін ұстанатын көрінеді.


Соңғы жаңалықтар