Кеншілер тағы бас көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеншілер тағы бас көтерді

Кеншілер тағы бас көтерді

Ал Шығыс Қазақстанда Зырян қаласының кеншілері бір жылдан бері сақтандыру қомпаниясынан өтемақы ала алмай келеді. Шыдамдары шегіне жеткен наразы топ енді кімге барып шағынарын білмей отыр.

  • 13 Желтоқсан 2013
  • 314
Фото - Caravan.kz

Жер асты жұмыстарында түрлі өндірістік ауруға шалдығып, мүгедек деп танылған мына азаматтар бір жылдан бері сақтандыру компаниясымен бет жыртысып келеді. Мекемемен бірнеше рет соттасып та үлгерген. Қағаз жүзінде жеңіп шыққанымен, шешім әлі орындалмапты. Күні бүгінге дейін көк тиын алмаған регресшілер енді шарасыздықтан Қарағандыдағы оқиғаны қайталауға дейін баратындарын айтуда. Естеріңізге сала кетсек, Қарағандыда былтырдан бері тиісті өтемақыларын ала алмай жүрген мүгедектердің бірі «Арселор Митталл» компаниясының бас ғимаратына басып кіріп, оны өртеп жібере жаздаған болатын.


Николай Сидор, Зырян қаласының тұрғыны:

— Беттері бүлк етпестен соттасып қана аласыз ақшаңызды деді сақтандыру компаниясындағылар. Соттың шешімі болса өз күшіне қыркүйекте енген. Бірақ, әлі бір тиын төлеген жоқ. Қалай өмір сүретінімді білмеймін, тіпті.