Кеше Алматы қаласының Алатау ауданында 60-тан астам заңсыз салынған тұрғын үй бұзылды
Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Алматы қаласының Алатау ауданында 60-тан астам заңсыз салынған тұрғын үй бұзылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне берген сұхбатында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбдібеков хабарлады. |
Әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда Алатау ауданының "Көкқайнар" ықшамауданында осындай 12 үй бұзылса, "Трудовик" ықшамауданында 50-ден астам құрылыс қиратылған.
"Біз бұзылып жатқан үйлердің иелерін бірнеше мәрте таппақшы болдық. Алайда, оларды тапқан күннің өзінде оларда тиісті құжаттар болмай шығады. Біз барлық қалалық қызметтерден осы жерлердің жер үй салуға арналмағандығын анықтадық. Ол жер өздігімен басып алынған. Ол жерде ешкім де тұрмайды", - деді әкімнің орынбасары.
Қ. Әбдібеков сондай-ақ, Алатау ауданының бас жоспары әзірге бекітілмегенін хабарлады. "Біз мұнда "Шаңырақ" проблемасын шешу үшін жалға берілетін көп қабатты тұрғын үйлерді салсақ деп жоспарлап отырмыз. Біз осы адамдарды орналастыруға тиіспіз", - деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін