Кеше Ақмола облысында астық жинау аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеше Ақмола облысында астық жинау аяқталды

Кеше Ақмола облысында астық жинау аяқталды

Көкшетау. 27-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Ақмола облысында астық жинау науқаны аяқталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ақмола облысының ауыл шаруашылық департаметінің директоры Аманжол Сейітжанов мәлім етті.

  • 27 Қыркүйек 2007
  • 496
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, облыс диқаншылары биылғы жылы рекордтық көлемде астық жинаған. 3 870 мың гектар аумақтан 5 млн тоннадан астам жоғары сұрыпты бидай жинаған. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен миллионға артық.

«Қазіргі кезде егістегі жұмыстар жалғасып, келешектегі астықтың жайы жасалуда. Қазір бүкіл егіс даласының жартысынан астамында тұқым себу жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылығы толық көлемде жоғары сапалы тұқыммен қамтылған», — деп қортындылады департамент директоры.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті