Желіде оның әйеліне жолдаған соңғы хаты пайда болды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ztb_kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
"Қыздарыма жақсы әке, саған жақсы күйеу бола алмағаныма кешір. 25 жыл бұрын бұл жаман ауру — ойынқұмарлыққа тап болдым. Өмірімнің соңына дейін мен екі жақты өмір сүрдім. Бұл — мен үшін тозақ. Мұны тастауға мың рет тырыстым, қолымнан келмеді. Сондай қорқынышты. Саған, қыздарыма, анама, маған сенген адамдарға опасыздық жасадым. Бұл оймен қалай өмір сүремін? Кешіре алсаң кешір. Сенің бақытты болғаныңды қалаймын, сондықтан бұл өмірден кетемін", — делінген хатта.